«Көктем дауысы» » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

19
февраль
2024

«Көктем дауысы»

8 – наурыз мерекесіне арналған «Көктем жұлдыздары» ән-сайысының  
ЕРЕЖЕСІ 
Сайыстың мақсаты мен міндеттері - Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту; - Қарым-қатынас мәдениетін және әнге деген жақсы көзқарас қалыптастыру; - Талантты оқушыларды, ұстаздарды және ата-аналарды анықтау; - Оқушылардың, ұстаздардың және ата-аналардың шығармашылық белсенділігін арттыру; - Көктем және Ана тақырыбындағы әндерді насихаттау.  
Өтетін орны мен уақытыӘн-сайыс 2024 жылдың 5 наурызында сағат 13:00 мектептің АКТ залында өтеді.  
Қатысушылар: Оқушылар, ұстаздар, ата-аналар.  
Ән-сайысты өткізу шарттары 
Ән-сайыс 4 бөлімнен тұрады: 
1. Жеребе тарту 
2. Өзін-өзі таныстыру (видеоролик арқылы 1-1.30 мин.)
 3. Қатысушылардың өнер көрсетуі
 4. Қорытынды жасау және марапаттау
 Ән-сайысқа қатысуға дуэттер мен топтар төмендегідей  тізім бойынша жіберіледі:
 - Мұғалім + оқушы
 - Оқушы + ата-ана  
 - Топтар ( мұғалім мен оқушылар, оқушы мен мұғалімдер, оқушы мен отбасы) 
Талаптар: Әндер  тек жанды дауыста орындалуы керек. (фонограммасыз) 
Ән тақырыптары: Мерекеге байланысты әндер, көктем әндері және Ана тақырыбындағы әндер.
Бағалау критерийлері
 - Актерлік шеберлік
 - Сахна мәдениеті 
- Сахналық образ 
Конкурсты қорытындылау және марапаттау: Ән-сайыстың соңында әділ-қазы алқасы шешім қабылдап, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапаттайды.  
Өтінім беру 
Сайысқа өтінім беру 2024 жылдың 28 ақпанына дейін  музыка пәні мұғалімі Жолжігітов Мейрамбек Айдарұлына, тел.87789200220 төмендегідей формада өткізіледі:
1. Қатысушылар (ТАӘ, сынып) 
2. Ән атауы мен авторы.