«Балдырған» мектеп жанындағы жазғы лагерь жұмысының талдауы » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » «Балдырған» мектеп жанындағы жазғы лагерь жұмысының талдауы
20
июнь
2025

«Балдырған» мектеп жанындағы жазғы лагерь жұмысының талдауы

«Балдырған» мектеп жанындағы жазғы лагерь жұмысының талдауы

Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 26 мамыр – 20 маусым
Лагерь басшысы: тәлімгер Тоқтасынова Б.Б.

Мақсаты:

  • Оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды және қауіпсіз өткізу;
  • Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорттық белсенділікті арттыру;
  • Ұжымдық қарым-қатынасты нығайтып, достық қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау.

Міндеттері:

  1. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
  2. Танымдық, тәрбиелік және мәдени іс-шаралар өткізу.
  3. Қауіпсіздік ережелерін сақтау және балалардың денсаулығын қорғау.
  4. Әрбір оқушының жеке қабілеттерін ашуға ықпал ету.

Атқарылған жұмыстар:

  • Спорттық бағыт: футбол, волейбол, түрлі эстафеталық ойындар, денсаулық күні ұйымдастырылды.
  • Танымдық іс-шаралар: табиғатты қорғау тақырыбында әңгімелер, зияткерлік ойындар, кітап оқу сағаттары өтті.
  • Мәдени-шығармашылық жұмыс: сурет салу байқауы, ән-би кештері, өнерпаздар күні, қолөнер үйірмесі жүргізілді.
  • Тәрбиелік шаралар: патриоттық тәрбиеге бағытталған сынып сағаттары, Отан туралы әңгімелер, «Менің Қазақстаным» атты мерекелік концерт өткізілді.

Қорытынды:

«Балдырған» мектеп жанындағы жазғы лагерь жұмысы жоспарға сәйкес жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Балалардың белсенділігі артты, жаңа достар тапты, қызықты әрі пайдалы уақыт өткізді. Тәрбиелік іс-шаралар арқылы оқушылардың отансүйгіштік сезімі, шығармашылық қабілеті дамып, спорттық ойындарда салауатты өмір салтына бейімделді.

Жалпы алғанда, лагерь жұмысының мақсаты толық орындалды. Балалар өз демалыстарын көңілді әрі мазмұнды өткізіп, жаңа оқу жылына көтеріңкі көңіл-күймен дайындалуына жағдай жасалды.