05
май
2025
Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық лездеме өтті
2025 жылғы 5 мамыр күні 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты таңғы лездеме ұйымдастырылды. Іс-шара «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран!» тақырыбында өткізіліп, оқушылардың патриоттық сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.
Лездеме барысында Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихы мен маңызы туралы ақпарат беріліп, оқушылар Отан қорғаушыларға арналған өлең жолдарын оқыды. Ерлік үлгісі ретінде аты аңызға айналған батырлар – Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Қайрат Рысқұлбеков сынды тұлғалар жайлы естеліктер айтылды.
Сынып жетекшілері мен ұстаздар Отан алдындағы азаматтық борыш, бейбіт өмірдің бағасы туралы қысқаша ой бөлісіп, ел қорғаны болу – әр жас ұрпақтың парызы екенін атап өтті.