«Лучший әлеуметтік педагог – 2025» байқауы » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

14
май
2025

«Лучший әлеуметтік педагог – 2025» байқауы

«Лучший әлеуметтік педагог – 2025» байқауы

Әлеуметтік педагогтердің кәсіби деңгейін жоғарылату, шығармашылық әлеуетін дамыту және олардың қоғамдағы әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Лучший әлеуметтік педагог – 2025» байқауының қалалық кезеңі жоғары деңгейде өтті.

Аталған байқауда мектебіміздің әлеуметтік педагогы Базарова Назым Серғазықызы үздік білімі мен біліктілігін, кәсіби шеберлігін көрсетіп, жүлделі II орынға ие болды! Бұл – оның тынымсыз еңбегі мен оқушылармен жүргізіп жатқан жүйелі жұмысының, ізденісі мен шығармашылығының жемісі.

Назым Серғазықызы байқау барысында өз кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, оқушылардың әлеуметтік-психологиялық жағдайын жақсарту жолындағы тың жобаларын сәтті қорғады. Оның заманауи әдіс-тәсілдерді қолданудағы шеберлігі, әр балаға жеке көзқараспен қарау қағидаты – әділқазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.