«Ұлы рухқа тағзым» – Жидебайға тағылымды сапар
«Ұлы рухқа тағзым» – Жидебайға тағылымды сапар 2025 жылғы 3 мамыр күні мектебіміздің 5–6 сынып оқушылары біртұтас тәрбие жоспары аясында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының мәңгілік мекені – Жидебай қорығына танымдық саяхат жасап қайтты. Іс-шара «Атамекенге тағзым – ұрпақ парызы» тақырыбымен өтті. Экскурсия барысында оқушылар Абайдың музей-үйін аралап, оның өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректермен танысты. Абайдың өзі пайдаланған заттарын, қолжазбаларын көру арқылы ұлы