Тәрбие жұмысы » Страница 34 » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

Ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесінде алатын орны"
29
ноябрь
2024
Ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесінде алатын орны"
Бүгін қарашаның 29 жұлдызында 3 "А" сыныбында "Ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесінде алатын орны" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысының мақсаты: отбасы, мектеп, ұлттық құндылықтарды насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту. Жетекшісі: Байтуганова Айнур Адильбековна [media=https://youtube.com/shorts/X9YKoZCPqF0] 
Көңілді үзіліс жалғасуда📍
29
ноябрь
2024
Көңілді үзіліс жалғасуда📍
Парламент мүшелерінің ұйымдастырылуымен оқушылардың күнделікті үзіліс уақыты тиімді әрі қызықты өтіп жатыр. Мақсаты: үзіліс кезіндегі бос уақытын тиімді пайдалануға, әр түрлі ойындар арқылы дене қимыл қозғалысын дамыта отырып, өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа, достық қарым -қатынаста болуға тәрбиелеу.
"Ұлттық құндылықтарды сабақтарда қолдалана отырып, балалардың ойлау дағдысын жақсарту" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
29
ноябрь
2024
"Ұлттық құндылықтарды сабақтарда қолдалана отырып, балалардың ойлау
Қараша айының 29-күні 3 "Ә" сыныбында "Ұлттық құндылықтарды сабақтарда қолдалана отырып, балалардың ойлау дағдысын жақсарту " тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс сайыс түрінде болды. Ата-аналар топқа бөлініп, балалары орындайтын қызықты логикалық тапсырмаларды орындады. Жиналыс көңілді, әрі қызықты өтті. Сынып жетекшісі: Оразғали Алуа Оразғалиқызы.  
Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау
28
ноябрь
2024
Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау
Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау десек қателеспейміз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау болып табылады. Бүгін 7”Ә” сыныбында болашақ мамандығын таңдауға жауапкершілікпен қарау мақсатында тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшісі: Мусабекова Л.Е #біртұтас_тәрбие #7ә  [media=https://www.instagram.com/reel/DC4OXQpte6u/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]
“Кенгуру-лингвист” атты халықаралық ойын-байқауы
28
ноябрь
2024
“Кенгуру-лингвист” атты халықаралық ойын-байқауы
“Дарын лэнд” интеллектуалдық орталығының ұйымдастыруымен “Кенгуру-лингвист” атты халықаралық ойын-байқауының жеңімпаздары: 9”Ә” сынып оқушысы Рамазан Мадияр ІІ орын; 9”Б” сынып оқушысы Кульбекова Нұрай І орын; 8”А” сынып оқушысы Қайратова Аяла І орын; 4”А” сынып оқушылары Қаптағаева Томирис І орын, Мадиярова Айзада І орын, Серікбай Қазыбек І орын. Ағылшын тілі пән мұғалімі: Мусабекова Л.Е.
«Сәтті қадам» тренингі
27
ноябрь
2024
«Сәтті қадам» тренингі
27 қараша күні 5 «Б» сынып оқушыларымен «Сәтті қадам» тренингі өтті. Тренингтің мақсаты: қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайларын жақсарту, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнату. Тренингтен кейін оқушылардың эмоциялық күйлері жақсарды. Бір-біріне деген ауызбіршілік, достық сезімдері артты. Педагог-психолог Базарова Э.Н. #зорлық-зомбылықсыз16күн #ӨПҚӘО
“Высший гуманитарно-юридический и технический колледж”
27
ноябрь
2024
“Высший гуманитарно-юридический и технический колледж”
27 ноября 2024 года ученики 9 “Б” класса школы КГУ«СОШ°17» посетили экскурсию в “Высший гуманитарно-юридический и технический колледж” с целью профессиональной ориентации. В ходе экскурсии прошла презентация специальностей колледжа и знакомство с его внутренними помещениями. Руководитель: профориентатор Карпыкова А.Ш.