6 «А» сыныбымен тренинг өтті
10 қазан күні 6 «А» сынып оқушыларымен ерекше жылы атмосферада «Эмоцияны басқару – өзіңді танудың бір жолы» атты тренинг өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға өз эмоцияларын түсінуге, оларды дұрыс басқаруға және ішкі көңіл-күйін позитивті арнаға бағыттауға көмектесу.
Тренинг барысында балалар түрлі эмоциялар туралы әңгімелесіп, сезім әлеміне қызықты саяхат жасады. Ал шығармашылық бөлімде оқушылар газет қиындыларынан өз көңіл-күйлерін бейнелеп, жеке эмоционалды коллаждарын жасады. Бұл жұмыс олардың ішкі дүниесін ашуға, өзін жақсырақ тануға және көңіл-күйін шығармашылықпен білдіруге мүмкіндік берді.
Жылы жүздер, шынайы күлкі мен ашық әңгімелер – тренингтің басты көрінісіне айналды. Әр бала эмоциясын қабылдаудың, оны дұрыс бағытта басқарудың қаншалықты маңызды екенін түсінді.
Шара соңында оқушылар өздеріне бір маңызды ой түйді: «Жақсы көңіл-кдом– өзіңді түсінуден басталады!»
Педагог-психолог Базарова Э.Н.
Сынып жетекші Нұрғалиева А.А.

