10
ноябрь
2025
5 «Ә» сынып оқушыларымен тренинг
10 қараша күні 5 «Ә» сынып оқушылары үшін көңілді, шабытқа толы «Жалғастырайық!» атты ойын-тренинг өткізілді. Бұл ойын оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып қана қоймай, бір-біріне сенім мен қолдау көрсетудің маңыздылығын ұғындырды.
Оқушылар шағын топтарда бірігіп, қиялға ерік беріп, түрлі оқиғалардың жалғасын ойлап тапты. Әрбір идея ерекше, шынайы қуаныш пен күлкіге толы болды. Оқушылардың бойында шығармашылық жігер, бірлік рухы және өзіне сенімділік артты. Тренинг соңында балалар өз әсерлерімен бөлісіп, «бірге болу – күш, бірге ойлау – шабыт!» деген ой түйді.
Педагог-психолог Базарова Э.Н.
Сынып жетекші Жумабекова А.З.

