«Жалғастырайық!» ойыны өткізілді » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

14
ноябрь
2025

«Жалғастырайық!» ойыны өткізілді

14 қараша күні 3 «Б» сынып оқушыларымен көңілді әрі танымдық «Жалғастырайық!» ойыны өтті.

Мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту, сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және эмоциялық көңіл-күйді көтеру.

«Жалғастырайық» ойыны балалардың қиялын дамытып, ұжымда бірлесе жұмыс істеуді үйрететін тиімді психологиялық жаттығу болып табылады. Оқушылар ойды жалғастыру, сөйлемді толықтыру, өз ойларын еркін жеткізу арқылы шығармашылық белсенділіктерін көрсетті.

Шара барысында балалар белсенділік танытып, өзара сыйластық пен достық атмосферасы орнады. 

Педагог-психолог Базарова Э.Н.

Сынып жетекші Ахатова З.С.