09
январь
2024
"Діни теріс ағымдар, олардың дәстүрлі діннен айырмашылығы"
2024 жылдың 9 қаңтарында №17 мектепте діни экстремизм және терроризмнің алдын-алу мақсатында мектеп оқушылары арасында "Діни теріс ағымдар, олардың дәстүрлі діннен айырмашылығы" тақырыбында Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Байжокенов Еркебұлан мен Ішкі саясат бөлімінің маманы Амангелдіұлы Жасұлан баяндама жасап, қазіргі кездегі қоғамға қауіп төндіретін діни ағымдар, қоғамдық тәртіп, жеке адамның құқығы мен міндеттері туралы жастар үшін өте маңызды да мағыналы тақырыптарды қозғап, ой бөлісті. Оқушылар өздерін ойландырып жүрген сұрақтарына жауап алып, діни экстремизм туралы білімдерін толықтырды.
