05
март
2019
05.03.2019 "№17 ЖОББМ" КММ-де кикбоксинг спортынан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, мектебіміздің түлегі Трусбеков Саят Талғатұлымен кездесу өтті
05.03.2019 "№17 ЖОББМ" КММ-де кикбоксинг спортынан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, мектебіміздің түлегі Трусбеков Саят Талғатұлымен кездесу өтті. Іс-шара дене-шынықтыру мен еңбек және сызу апталығының аясында ұйымдастырылды. Саят оқушылармен жетістікке жету мен биіктерді бағындырудың басты қағидасымен бөлісті. Спорттың кез келген түрі адамның денсаулығы мен рухани дүниесіне пайда әкелетінін айтып өтті. Оқушылар қызығушылық танытып Саят Талғатұлына сұрақтар қойды.
Саят Талғатұлының жетістіктері: 2014 жыл 1. 1996 – 97 жылы туылған жастар және қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты – фулл – контакт бөлімінде 63,5 салмақ дәрежесінде – 1 орын, /Атырау – сәуір/
2. Жастар арасында әлем чемпионаты – фулл – контакт бөлімінде 67 салмақ дәрежесінде – 1 орын, /Италия, Римини қаласы – қыркүйек/
2015 жыл 1. Прибалтика қаласының ашық чемпионаты – фулл – контакт бөлімінде 67 салмақ дәрежесінде – 1 орын, /Эстония, Таллин қаласы – ақпан/ 2. Ересектер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты – фулл – контакт бөлімінде 67 салмақ дәрежесінде – 1 орын, /Семей – маусым/
3. Азия чемпионаты – фулл – контакт бөлімінде 67 салмақ дәрежесінде – 1 орын, /Индия, Пуна қаласы – тамыз/
4. Ересектер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының «Ең мықтылар» турнирі – фулл – контакт бөлімінде 67 салмақ дәрежесінде – 1 орын, /Петропавл – қыркүйек/
5. Ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы – фулл – контакт бөлімінде 67 салмақ дәрежесінде – 1 орын, /Астана – қараша/
6. Қазақстан Республикасының VIII жазғы универсиадасы – фулл – контакт бөлімінде 71 салмақ дәрежесінде – 1 орын, /Астана/
2016 жыл 1. Челябинск облысының губернаторының XIX – шы Кубогі (Урал қаласының чемпионаты) – фулл – контакт бөлімінде 67 салмақ дәрежесінде – 1 орын, /Челябинск – наурыз/
2. Ерлер арасында «Магнитный пояс» атты бүкілресейлік ашық турниры – фулл – контакт бөлімінде 75 салмақ дәрежесінде – 1 орын, /Магнитогорск – мамыр/
3. ХД СШ Азамат Нурпеисовті еске алуға арналған «Қызыл – Жар» дәстүрлі турнирі аясында Қазақстан Республикасының кубогі – фулл – контакт бөлімінде 75 салмақ дәрежесінде – 1 орын, /Петропавл – желтоқсан/
2017 жыл 1. Ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты – фулл – контакт бөлімінде 75 салмақ дәрежесінде – 1 орын, /Атырау – наурыз/ 2. Ерлер арасында әлем чемпионаты – фулл – контакт бөлімінде 75 салмақ дәрежесінде – 1 орын, /Венгрия, Будапешт қаласы – қараша/
2018 жыл 1. Ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты – фулл – контакт бөлімінде 71 салмақ дәрежесінде – 2 орын, /Павлодар – наурыз/