Білім мен шығармашылықтың ортақ алаңы – олимпиада » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » Білім мен шығармашылықтың ортақ алаңы – олимпиада
05
ноябрь
2025

Білім мен шығармашылықтың ортақ алаңы – олимпиада

2025 жылғы 5 қарашада 3–4 және 5–11-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ дарынды және білімге құштар оқушыларды анықтау болды.

Іс-шара барысында қатысушылар математика, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану, тарих, география және басқа да пәндер бойынша өз білімдерін сынады. Олимпиадаға қатысушылар жоғары дайындық пен жауапкершілік танытып, білім сайысында жақсы нәтижелер көрсетті.

Мектепішілік олимпиада – оқушылардың білімін тереңдетіп, қабілетін шыңдауға бағытталған маңызды шара. Бұл сайыс жас буынды жаңа жетістіктерге ұмтылуға, өз білімін үздіксіз жетілдіруге ынталандырады.