«Адал азамат» – болашаққа бағдар
«Адал азамат» – болашаққа бағдар Мектепте тәрбиелік жұмыстардың басты бағыттарының бірі – өскелең ұрпақтың бойына адалдық пен әділдік құндылықтарын дарыту. Осы мақсатта «Адал азамат» жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі идеясы – жас ұрпаққа адалдық, әділдік, сенім, жауапкершілік қасиеттерін дарытып, оларды өмірде дұрыс таңдау жасай алатын, елжанды азамат ретінде тәрбиелеу.