09
октябрь
2023
ЭСТЕТИКАЛЫҚ БАҒЫТ ПЕН ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША «ӨНЕР-АҒЫП ТҰРҒАН БҰЛАҚ, ІЛІМ-ЖАНЫП ТҰРҒАН ШЫРАҚ» атты онкүндігі
Оқушы тұлғасын қалыптастыру арқылы шығармашылығын дамыту, табысты оқу-танымдық әлеуметтенуге қабілеттілігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, өнермен білімді ұштастыруға дағдыландыру, теориялық білім мен практикалық тәжірибені ұштастыра білу, белгілі мәселелерге ұтымды шешім қабылдай алуға дағдыландыру мақсатында мектебімізде 09.10-20.10 күндері аралығында ЭСТЕТИКАЛЫҚ БАҒЫТ ПЕН ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША «ӨНЕР-АҒЫП ТҰРҒАН БҰЛАҚ, ІЛІМ-ЖАНЫП ТҰРҒАН ШЫРАҚ» атты онкүндігі өтеді. Жоспар аясында 09.10 күні 1-11 сыныптарға лездемеде ашылуы өтті. Оқушыларымыздың шығармашылық жұмыстарын насихаттау мақсатында «Шеберлер әлемі» атты көрмесі өтті. Алдағы күндерде жоспарға сәйкес ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар жүргізіледі.

