29
ноябрь
2023
Информатика пәнінен «Деректер типтері» тақырыбында ашық сабақ, Байсеитова Д.К.
29-қараша күні 7 «Ә» сыныбында «Математика, информатика және физика» апталығына орай информатика пәнінен «Деректер типтері» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ашық сабақтың мақсаты: 7.2.2.5. электрондық кестеде деректердің әртүрлі түрлерін қолдану.
Сабақта LearningApps.org қосымшасын қолданып, өткен тақырыптың бекіту сұрақтарына оқушылар жауап берді. Компьютерде электрондық кестеде деректердің типтерін қолдануға арналған деңгейлік тапсырмаларды орындады. Рефлексия әдісін padlet.com интерактивті тақтасына шығарып оқушылардың сабақты түсіну деңгейін анықтады. Пән мұғалімі: Байсеитова Д.К.
