2025-2026 оқу жылдарының І тоқсан бойынша білім сапасын 2024-2025 оқу жылымен салыстыру қорытындылары
2025-2026 оқу жылдарының І тоқсан бойынша білім сапасын 2024-2025 оқу жылымен салыстыру қорытындылары
2024–2025 оқу жылы бойынша мектептегі білім сапасына талдау жасай отырып, жалпы оқу үрдісінің тиімділігі мен оқушылардың білім деңгейінің өсімін байқауға болады. Жыл бойы жүргізілген бақылау, аралық және жиынтық бағалаулар нәтижесі оқушылардың оқу жетістіктеріне оң әсер еткенін көрсетті.
Білім сапасын арттыруда мұғалімдердің кәсіби шеберлігі, сабақ беру әдістерінің жаңаруы, цифрлық ресурстарды тиімді қолдану, пәндік апталықтар мен олимпиадалар сияқты қосымша жұмыстардың да рөлі зор болды.
Сонымен қатар, ата-аналармен кері байланыс жүйелі жүргізіліп, оқушы, мұғалім және ата-ана арасындағы үштік серіктестік нығая түсті. Бұл – білім сапасының тұрақты дамуына ықпал ететін маңызды фактор.
Дегенмен, кейбір пәндер бойынша оқу үлгерімінде тұрақсыздық байқалды. Осыған байланысты алдағы уақытта жеке оқыту траекторияларын жоспарлау, қосымша қолдау көрсету сабақтарын ұйымдастыру, сараланған оқыту әдістерін кеңінен қолдану – негізгі міндеттердің бірі болып қала береді.
Қорытындылай келе, мектеп ұжымы білім беру сапасын арттыру бағытында жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді және алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.





2025–2026 оқу жылының І тоқсаны бойынша білім сапасы 66,4%-ды құрады. Бұл көрсеткіш өткен 2024–2025 оқу жылымен салыстырғанда 0,2%-ға жоғары.


Үздік және оқу екпінділерінің бір бөлігі мекенжай ауысуына және жаңа мектептің ашылуына байланысты басқа оқу орындарына кеткеніне қарамастан, жалпы білім сапасының сәл де болса өскені байқалады.
Сонымен қатар, жазғы каникул кезінде оқушылардың 27%-ы өз білімін жетілдіру мақсатында қосымша дайындық курстарына қатысқан.

