08
ноябрь
2023
Мектебіміздің оқушысы сүт сарысуының қайта өңдеп, сүт өнеркәсіптерімен байланыс жасап, ізденіс жұмысын жасады


Мектебіміздің 6 сынып оқушысы Берікқызы Зере "Сәтті" диеталық кәмпитін жасап шығарды. Оқушы жобамен бірнеше ай айналысқан. Жетекшісіне зерттеу жұмыстарын жүргізуге қызығушылығын білдіріп, жұмысын "Fit parad" қант алмастырғыш құрамын талдап, әлемде қолданылу аясын қарастырудан бастаған. Сарысудың құрамы мен пайдалы қасиеттерін зерттеп, "Fit parad" қант алмастырғышын қосып, диеталық конфет дайындады. Оқушы жоба жетекшісі биология пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Бейсембаева Назира Екпиновнамен бірге қазақстандағы оқушылар арасындағы артық салмақтық пен семіздік туралы ақпарат жинап, сүт сарысуының қайта өңделуі туралы шет елдік және Қазақстандық сүт өнеркәсіптерімен байланыс жасап, ізденіс жұмысын жасаған. Қазір оқушы жетекшісімен бірге өнеркәсіптермен байланыс жасап, өнімдерін сатылымға ұсыну жұмыстарымен айналысуда. № 17 мектеп ұжымы жас зерттеуші Зереге сәттілік тілей отырып, шығармашылық табысқа жетіп, биік шыңдарды бағындыруына тілекшіміз.
Проект диеталық конфет