М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі мамандары 9–11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру дәрісін өткізді » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі мамандары 9–11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру дәрісін өткізді
30
апрель
2025

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі мамандары 9–11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру дәрісін өткізді

2025 жылдың 30 сәуірінде М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж өкілдері Семей қаласындағы №17 мектепке келіп, 9–11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында дәріс жүргізді.

Шара барысында колледж оқытушылары педагогикалық мамандықтар, оқу жүйесі, қабылдау ережелері және оқу барысында ұсынылатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берді. Оқушылар педагогикалық бағыттағы мамандықтардың маңызы мен болашағы жайлы білді.

Дәріс интерактивті форматта өтті: оқушылар колледж өкілдеріне қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдауға қатысты кеңестер алды. Кездесу кәсіптік бағдар берудің тиімді жолдарының бірі ретінде бағаланып, оқушылардың жоғары қызығушылығын тудырды.

Мұндай ақпараттық шаралар мектеп оқушыларына саналы түрде болашақ мамандығын таңдауға көмектесіп, кәсіби бағдарды қалыптастыруға зор үлес қосады.