10
июль
2024
Мәжіліс депутаты Наумова Динара Рустамовна Абай облысына іс-сапармен келді
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің № 17 жалпы орта білім беретін мектебі 09.07.2024 жылы мәжіліс депутаты Наумова Динара Рустамовна Абай облысы, Семей қаласы, Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№17 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі ИҚК инклюзияны қолдау кабинетінің жұмысымен және ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың жұмыс жоспарларымен танысты. Сонымен қатар, ЕББҚЕ оқушылармен жұмыс жасайтын мектептердің материалдық жағдайына баса назар аударды.



