29
сентябрь
2025
№17 жалпы білім беретін мектеп асханасында мониторинг жүргізілді
2025 жылғы «29» қыркүйек күні №17 жалпы білім беретін мектеп асханасында оқушыларға ұсынылатын тағамдардың сапасы мен санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау мақсатында мониторинг жүргізілді.
Мониторинг жұмысына:
Білім бөлімінің Тәрбие секторының әдіскері Файнуллаева Р.В.,
Қалалық ата-аналар комитетінің мүшесі Галлиулина Ю.В.,
«Аманат» партиясының өкілі қатысты.
Тексеру барысында асханада санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, дайын тағамдардың сапасы, мәзірдің толықтығы және оқушыларға берілетін ас рационының жағдайы қаралды.
Мониторинг нәтижесі:
Дайын тағамдардың дәмі, сапасы мен сыртқы түрі тексерілді;
Ыдыс-аяқтардың тазалығы, ас дайындау бөлмелерінің жинақылығы назарға алынды;
Қызметкерлердің жұмыс киімі және жеке бас гигиенасы талаптарға сәйкестігі қаралды;
Балаларға ұсынылған мәзірдің құнарлылығы мен жас ерекшелігіне сәйкестігі талданды.
Қорытынды:
Мониторинг барысында мектеп асханасының жұмыс барысы жан-жақты қаралды. Ас мәзірін ұйымдастыру, санитарлық талаптарды сақтау және қызметкерлердің жұмыс тәртібі бойынша мәліметтер тіркелді, тағамдардың сапасы және мәзірдің ұйымдастырылуы қанағаттанарлық деңгейде деп бағаланды.

