17 жалпы орта білім беретін мектепте Face ID жүйесі енгізілді » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » 17 жалпы орта білім беретін мектепте Face ID жүйесі енгізілді
02
сентябрь
2025

17 жалпы орта білім беретін мектепте Face ID жүйесі енгізілді

Оқушылардың мектеп асханасында тамақтануын тиімді ұйымдастыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және есеп жүргізудің ашықтығын арттыру мақсатында «17 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де жаңа цифрлық жоба іске қосылды.

Асханада Face ID жүйесі «ITB Hub» АПК платформасы арқылы жүзеге асырылуда. Бұл жүйе оқушылардың тамақтану кезінде автоматты түрде тіркелуін қамтамасыз етіп, тегін және ақылы тамақтану есебін толық әрі әділ жүргізуге мүмкіндік береді.

Face ID жүйесін пайдалану тәртібі:

  1. Әрбір оқушы асханадан тамақтану алдында Face ID құрылғысы арқылы тіркеледі.

  2. Жүйе автоматты түрде оқушының деректерін табельге енгізеді.

  3. Тегін тамақтануға арналған есеп пен ақылы тамақтанудың есебі толық қамтылады.

  4. Жүйеден өтпеген оқушының дерегі тіркелмейді.

Бұл жаңашылдықтың негізгі артықшылықтары:

  • Оқушылардың қауіпсіздігін арттыру;

  • Асхананың жұмысын автоматтандыру;

  • Есептіліктің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету;

  • Родителям балалардың мектеп асханасындағы тамақтануына сенімділік беру