11
май
2025
8Ә сыныбында Аналар күніне арналған тәрбие сағаты өтті
12.05.2025 жылы 8Ә сыныбында Аналар күніне арналған тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты – оқушылардың аналарға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау.
"Ана – мейірім шуағы" атты бұл іс-шара барысында оқушылар аналарын қуантатын жүрекжарды өлеңдер оқып, әсерлі көріністер қойды. Шарада оқушылардың орындауында аналарға арналған әндер шырқалып, жылы лебіздер айтылды. Сонымен қатар, ана туралы қысқаша бейнеролик көрсетіліп, көрермендерге терең әсер қалдырды.
