9-сынып ата-аналарымен өткен жиналыс » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

12
сентябрь
2025

9-сынып ата-аналарымен өткен жиналыс

12 қыркүйек күні мектебімізде 9-сынып ата-аналары үшін «Маңызды кезеңде жанында болу: мазасыздық, емтихандар, мамандық таңдау» тақырыбында жиналыс өтті.

Жиынның мақсаты – ата-аналарды жасөспірімдердің өміріндегі жауапты кезеңдерде психоэмоционалдық қолдаудың маңыздылығымен таныстыру, емтиханға дайындық барысындағы мазасыздықты азайту жолдарын талқылау және мамандық таңдауда балаға дұрыс бағыт-бағдар берудің тиімді тәсілдерін көрсету болды.

Кездесу барысында ата-аналарға баланың ішкі күйзелісін түсінудің, жылы қарым-қатынас орнатудың, қолдау білдірудің рөлі жайлы ақпарат берілді. Сондай-ақ практикалық кеңестер ұсынылып, ата-аналар өз ойларымен бөлісті.

Жиналыс ата-аналардың балаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін және мектеп пен отбасының бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.

Педагог-психолог Базарова Э.Н.

Сынып жетекші Барлыбаева К.А.