6 «Ә» сыныбы оқушыларымен тренинг өтті » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

13
ноябрь
2025

6 «Ә» сыныбы оқушыларымен тренинг өтті

13 қараша күні 6 «Ә» сынып оқушыларымен «Достасайық» тақырыбында тренинг өтті. Тренингтің басты мақсаты – оқушылар арасындағы шын достықты нығайтубір-бірін тереңірек танып-білуге жағдай жасаусондай-ақ сыныпта эмоциялық жағымды атмосфера қалыптастыру болды.

Бұл кездесуде әр оқушы өз ойын ашық білдіріп, шығармашылық қабілетін көрсете алды. 

Жаттығулар барысында балалар:

  • бір-біріне сенім артуға үйренді;
  • өзара түсіністік пен сыйластықты сезінді;
  • ортақ жұмыс арқылы топтық бірлікті күшейтті;
  • сынып ішінде жылы, қолдаушы атмосфера қалыптастырды.

Тренинг оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамытып қана қоймай, олардың көңіл-күйін көтеріп, сынып ұжымының бұрынғыдан да жақынырақ, ұйымшыл болуына ықпал етті. 

Біз бірге – мықтымыз! Бірлік бар жерде – достық, ал достық бар жерде – шынайы даму бар!

Педагог-психолог Базарова Э.Н.

         Сынып жетекші Манабова А.К.