Рухани келісім күні » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

16
октябрь
2024

Рухани келісім күні

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері мектебіміздің 10 сынып оқушыларының қатысуымен Рухани келісім күні аясында «Діни келісім – бірлік пен татулықтың кепілі» атты маманмен кездесу өткізді.
Шара барысында кітапхана қызметкері «Рухани келісім күні» еліміздегі әртүрлі ұлттар мен дәстүрлі діндердің арасындағы ауызбіршілік пен татулықтың, тыныштық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен ынтымақтың мерекесі екендігін атап өтіп, егемендігін алған күндерден бастап әлемге тыныштық пен бейбіт қалайтын еліміз үшін бұл мерекенің орны ерекше екендігін жеткізді.
Іс-шара қонағы «Абай облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық түсіндіру және талдау бөлімінің маманы Асель Муратбековна Кусембекова өз сөзінде біздің қоғамдағы діннің қазіргі жағдайы мен орны және оның қоғамның рухани мәдениетін дамытудағы рөлі туралы ақпарат берді. Қазақстанның бейбітшілік және диалог алаңы, әлемнің мәдениеттері мен діндерінің мекені екенін айтты.
Кездесу жалғасында «Рухани келісім - басты құндылық» атты бейнесюжет көрсетіліп, толеранттылық, ынтымақтастық, рухани даму туралы мақал-мәтелдер айтылып, «Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты кітап көрмесіндегі мерзімді басылымдарда жарияланған кітаптар мен мақалаларға шолу жасалып аяқталды.