11
апрель
2025
«Мегаполисті боя!» воркшоп
Сәуір айының 11-і күні «Психологиялық қолдау және позитивті көңіл-күй қалыптастыру» апталығы аясында түскі ауысымдағы оқушыларға арналған «Мегаполисті боя!» атты воркшоп ұйымдастырылды.
Воркшопты педагог-психологтар Базарова Э.Н. мен Абишева М. және Шәкәрім университетінің қазақ тілі және әдебиеті мамандығының машықкерлері үзіліс уақытында өткізді.
Воркшоптың басты мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, мегаполис ұғымымен таныстыру және эстетикалық тәрбие беру болды. Балалар мегаполистің негізгі нышандарын ажыратып, түрлі-түсті бояулар арқылы өз ойларын креативті түрде жеткізді.
Алдағы аптада бұл шара өз жалғасын табады. Келіңіздер, белсенді қатысып, ерекше көңіл-күй сыйлайтын сәттерге куә болыңыздар!
