13
август
2025
Қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагері
«Балақай» қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерінде мектебіміздің оқушылары демалып қайтты. «Балақай» лагері «Голубой залив» демалыс орнында, Бұқтырма су қоймасының жағасында, Өскемен қаласынан 110 шақырым қашықтықта орналасқан.




Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 25 оқушы тегін жолдама алып, 2025 жылғы 2 тамыз бен 12 тамыз аралығында лагерьде тынығып, қызықты әрі мазмұнды демалыс өткізді. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында спорттық жарыстар, мәдени-сауықтыру іс-шаралары мен шығармашылық сайыстар өткізілді.




