20
октябрь
2025
«Мектеп оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызы» тақырыбында облыстық семинар–практикум өтті.
2025 жылдың 17 қазан күні Абай облысы білім басқармасының «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен Көкпекті ауданы білім бөлімінің базасында «Көкпекті орта мектебі» КММ-де «Мектеп оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызы» тақырыбында облыстық семинар–практикум өтті.
Семинарға Семей қаласынан Аринов Ермек Амангазиевич қатысып, тәжірибе алмасу мен талқылау жұмыстарына белсене қатысты. Семинарға облыс және қала мектептерінен педагогтер, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, әскери-патриоттық тәрбиеге жауапты мамандар қатысты. Семинар барысында қатысушылар тақырыптық баяндама тыңдап, тәжірибе алмасып, ашық сабақтар мен практикалық жұмыстар өткізді.
Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталып, алғыс білдірілді.

