14
сентябрь
2023
8"А" сынып оқушылары "Мен қаламды мақтан тұтамын" тақырыбындағы концерттік бағдарламаға қатысты.
14-қыркүйек күні 8"А" сыныбы мен сынып жетекшісі Ныгыманбекова Кырмызы Маратовна Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында қала күніне байланысты өткізілген "Мен қаламды мақтан тұтамын" тақырыбындағы концерттік бағдарламаға қатысты. Концерттік бағдарлама кезінде оқушыларымыз өздерін жақсы қырынан көрсетіп, тосыннан қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, өздерінің белсенділігін көрсетті. Қала күніне арнап өткізілген "Мен қаламды мақтан тұтамын" концерттік бағдарламасы көрермендердің көңілінен шықты.
