«Баланың бас ұстазы – ата-ана» » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

24
ноябрь
2023

«Баланың бас ұстазы – ата-ана»

2023 жылдың 24 қазан күні №17 жалпы білім беретін орта мектебінің 5-9-сынып аралығындағы ата-аналармен «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» бағдарламасының жоспарына сәйкес  «Баланың бас ұстазы – ата-ана» атты позитивті ата-ана болудың алғышарттары туралы танымдық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты - оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту.
Ата-аналар мектебінің жетекшісі   Жалдыбаева Н.Қ. позитивті ата-ана болу дегеніміз не, позитивті ата-ана болудың қағидаттары мен ережелері, тәрбие әдістері, тәсілдері, қажетті ресурстар қандай болу керек деген сұрақтарға жауап берді. 5 «Ә» сыныбының жетекшісі Болатова А.Б. ата-аналармен «Сіздің балаңыздың күшті жақтары» атты тренинг өткізді.
Сабақ барысында тақырыпқа сәйкес бейнесюжеттер, жағдаяттар келтіріліп, ата-аналардың ойы тыңдалды, психолог мамандар тарапынан сұрақтарға жауап, кеңес, ұсыныстар берілді.
Сабақ соңында ата-аналарға мектеп әрқашан сіздің көмекшіңіз, сырласыңыз, қандай мәселеңіз болса да педагогикалық ұжым сізге қолдау бере алады деген сенім ұялата алдық деп ойлаймыз.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей
#АПҚО_Абай_облысы_Семей