01
июнь
2025
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай патронаттағы оқушыға қамқорлық көрсетілді
2025 жылдың 1 маусымында №17 мектепте Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әлеуметтік қолдауға мұқтаж оқушыға арналған қайырымдылық шарасы өтті. Мектептің Қамқоршылық кеңесі мен педагогикалық ұжым бірлесіп, патронаттағы оқушы Ахметов Айдосқа мерекелік сыйлық тарту етті.
Бұл игі іс-шара мектеп ұжымының баланың қоғамға толық бейімделуіне және өз-өзіне деген сенімін арттыруына бағытталған жүйелі қолдауының бір көрінісі болды. Сыйлықты табыстау сәтінде Айдос шын жүректен қуанып, мектеп ұжымына алғысын білдірді.
Мектеп әкімшілігі мен Қамқоршылық кеңесі балалардың қуанышты күлкісі мен жарқын болашағы үшін әрқашан қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті. Бұл шара мектептегі әлеуметтік әділеттілік пен қамқор орта қалыптастырудағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.