Қауіпсіздік шаралары мен жол қауіпсіздігі жұмысының жылдық есебі » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Қауіпсіздік шаралары мен жол қауіпсіздігі жұмысының жылдық есебі
27
май
2024

Қауіпсіздік шаралары мен жол қауіпсіздігі жұмысының жылдық есебі


№17 жалпы орта білім беретін мектептің  

қауіпсіздік шаралары мен жол қауіпсіздігі жұмысының жылдық есебі

2023-2024 оқу жылы 


      Мектептегі балалардың қауіпсіздігі мен өмірі – мемлекеттің басты назарында. Еліміздегі балалардың қатысуымен болып жатқан түрлі жол-көлік апаттары, түрлі қауіптердің алдын алу мақсатында мектебімізде құқық қорғау органдарының, жастар мен балалар орталықтарының мамандарымен кездесулер, профилактикалық жұмыстар үздіксіз жүргізіліп отырады. Сондай-ақа тәрбие сағаттары, Өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастыратын акциялар –осының дәлелі.

       15.09.2024. ПБ Затон ПБ АБ бастығы полиция майоры О.С.Сембаев "Интернеттегі алаяқтық пен ұрлықтың алдын алу" мәселесін кеңінен қозғады. Мектептің акт залында алаяқтық қылмысын болдырмау және алдын алу мақсатында мектеп оқытушыларына түсіндірме жұмысын жүр­гізді.https://www.instagram.com/semey_17mektep/?hl=ru

       06.11.2023 күні Семей ст ЖПб ӘПб инспекторы полиция лейтенанты Д.Сейтжан мектеп оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізді. Сондай-ақ, оқушылардың құқықтық білімдері және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында, жасөспірімдерді пойыздардың адам басып кету фактілерін болдырмау, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырды. «Тоқтаңыз!», «Басып кету қаупі бар!» атты акция бойынша дәріс оқылды. Оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, жауап алды.https://www.instagram.com/p/CzS1XrNtJV7/?hl=ru

      Төтенше жағдайлар мен өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында оқушылармен түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отырады. Осы жұмыстардың нәтижесі ретінде 2023 жылдың 4-9 желтоқсан аралығында мектеп оқушылары арасында «Өрт—тілсіз жау» тақырыбында суреттер көрмесі өтті. Көрмеге белсене қатысқан 3 «А»,3 «Ә», 5 «Б», 8 «Ә», 1 «В» сыныптарының жетекшілеріне алғыс білдіріліп, Алғыс хаттармен марапатталды.https://www.instagram.com/p/C1EDCPOtE-A/?hl=ru&img_index=1

Сондай-ақ 14.12.2023ж. қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастырылуымен өткен Өрт қауіпсіздігі тақырыбында өткен қалалық «Үздік сурет» байқауында бірнеше суреттер ұсынылып, нәтижесінде  8 Ә сынып оқушысы Камзина Алина І орынға ие болды.https://www.instagram.com/p/C1q4ffhtnqP/?hl=ru&img_index=1

  Семей қ. «№7 Поликлиника» КММ қызметкерлері мен мектеп медбикесі Окенова Д. «Қызылша (корь) алдын алу» тақырыбында 8-10-сынып оқушылары арасында денсаулық сағатын өткізді. https://www.instagram.com/p/C3hZgzYtQQ7/?hl=ru

08.04.2024 күні Семей ст ЖПб ӘПб инспекторлары полиция аға лейтенанты М.С. Алашқан және полиция лейтинанты Д.А. Сейтжан мектептің 9-11 сынып оқушыларымен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді және теміржолдағы қауіпсіздік жайында дәріс оқыды.https://www.instagram.com/p/C5ffAIENsAv/?hl=ru

Жаз маусымы басталғалы өршіп тұрған жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында 21.05.2024. Затон аудандық полиция бөлімінің лейтенанты Абылхан Е.Н. 3-4-сынып оқушыларымен «Абайлаңыз, балалар! Балалар. Жол. Қауіпсіздік» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.

https://www.instagram.com/semey_17mektep/?hl=ru

Семей қ. Білім бөлімінің №160 хатына сәйкес оқушылардың жол көлік оқиғаларына ұшырауының жиілеуіне байланысты 17 мамыр 2024 жылы сағат 10:00-де және 16:00-де қала мектептерінде "Балалар. Жол.Қауіпсіздік" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.https://www.instagram.com/p/C7ES18msK1C/?hl=ru

https://www.instagram.com/p/C7EZzZ7NmNt/?hl=ru&img_index=1

https://www.instagram.com/p/C7ES18msK1C/?hl=ru

https://www.instagram.com/p/C7EPOCDtX0v/?hl=ru

https://www.instagram.com/p/C7EgJ4ONmZJ/?hl=ru