«Құмарлыққа бой алдыру-тәуелділік құрдымы»
№17 жалпы білім беретін орта мектебінде 2024 жылдың 19 қаңтарында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» бағдарламасының жоспарына сәйкес 9-11-сынып ата-аналары арасында «Құмарлыққа бой алдыру-тәуелділік құрдымы» атты сабақ өтті. Ата-аналарды қолдау мектебінің жетекшілері Баймуратова Р. Х. мен Манабова А. К. тәуелділік түрлері, жоғары сынып оқушыларындағы тәуелділіктің белгілері, тәуелділіктің алдын алудағы отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі туралы дәріс оқып, түсініктеме жұмысын жүргізді.