Тәрбие жұмысы » Страница 90 » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

Қала күніне орай "Мәнерлеп оқу" байқауына біздің мектептің оқцшылары қатысты
17
сентябрь
2023
Қала күніне орай "Мәнерлеп оқу" байқауына біздің мектептің оқцшылары
Бүгін 17.09.2023ж. мектебіміздің 7-8 сынып оқушылары қала күніне орай ұйымдастырылған қалалық  мәнерлеп оқу оқырмандарына арналған  байқауға қатысты. Мақсаты:оқушылардың өз еліне,туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, құрметтерін арттыру және өлеңді мәнерлеп айту арқылы қазақ елінің мәртебесін көтеруге үлес қосу. Жетекші мұғалімдер: Джумангулова Динара Джумабековна  Калиева Сара Сырымовна
Қала күніне орай ұйымдастырылған сенбілік
16
сентябрь
2023
Қала күніне орай ұйымдастырылған сенбілік
16.09.2023 ж. №17 мектеп ұжымы қала күніне байланысты сенбілік өткізді. Сенбіліктің басты мақсаты - экологиялық мәдениетті сақтай отырып мектеп аумағына тазалық жұмыстарын жүргізу.  Сенбілік барысында мектеп аумағы ретсіз тасталған керексіз заттар мен ағаш жапырақтарынан тазаланды.Қоршаған орта үшін сенбілік өткізудің маңызы өте зор.
6 "Ә" сыныбында қала күніне орай өткізілген тәрбие сағаты
15
сентябрь
2023
6 "Ә" сыныбында қала күніне орай өткізілген тәрбие сағаты
Қала күніне орай 6”Ә” сыныбында “Туған қалам - Семейім!” атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Туған қаламыздың тарихы туралы мағлұмат беру, туған тілімізді, жерімізді аялауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Мусабекова Л.Е
2 "Ә" сыныбында өткен ата-аналар жиналысы
15
сентябрь
2023
2 "Ә" сыныбында өткен ата-аналар жиналысы
15 қыркүйек 2«ә» сыныбында «Балам қалай бағаланып жүр» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты: ата-аналарды  формативтік, суммативтік, критериялды бағалау түрлерімен таныстыру.  Сынып жетекші: Токмойлова Елдана Толегеновна.
8"А" сынып оқушылары "Мен қаламды мақтан тұтамын" тақырыбындағы концерттік бағдарламаға қатысты.
14
сентябрь
2023
8"А" сынып оқушылары "Мен қаламды мақтан тұтамын" тақырыбындағы
14-қыркүйек күні   8"А" сыныбы мен сынып жетекшісі Ныгыманбекова Кырмызы Маратовна Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында қала күніне байланысты өткізілген  "Мен қаламды мақтан тұтамын" тақырыбындағы концерттік бағдарламаға қатысты.  Концерттік бағдарлама кезінде оқушыларымыз өздерін жақсы қырынан көрсетіп, тосыннан қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, өздерінің белсенділігін көрсетті. Қала күніне арнап өткізілген "Мен қаламды мақтан тұтамын" концерттік бағдарламасы көрермендердің
"Көңілді сәрсенбі" сергіту сәті
13
сентябрь
2023
"Көңілді сәрсенбі" сергіту сәті
Мектебімізде әр апта сайын "Жас ұлан" өзін-өзі басқару ұйымы бастауыш сынып оқушыларына "Көңілді сәрсенбі" сергіту сәтін ұйымдастырады. "Көңілді сәрсенбі" әр сәрсенбінің үлкен үзіліс уақытында мектептің акт залында өткізіледі. Мақсаты: сәрсенбінің сәтті күнінде бастауыш сынып оқушыларының бойын сергітіп, көңілдерін көтеру. https://www.instagram.com/reel/CxIrPKtNX1c/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
"Менің қалам- жүрегімде!" тақырыбында эссе байқауы өтті
12
сентябрь
2023
"Менің қалам- жүрегімде!" тақырыбында эссе байқауы өтті
Мектебімізде қала күніне арналған "Менің қалам- жүрегімде!" тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Оқушылардың өз туған жеріне деген құрметін арттыру, қаламыздың тарихын білуге, сөздік қорын арттыруға өз елін, жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.
"Туған қаламда серуендеу" челленджі
12
сентябрь
2023
"Туған қаламда серуендеу" челленджі
№17 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушылары қала күніне арналған "Туған қаламда серуендеу" челленджіне қатысты. "Жас қыран" жетекшісі: Қыдырбекова Н.Қ. Учащиеся начальных классов школы №17 приняли участие в челлендже "Прогулка по родному городу" посвящённому Дню города.  Руководитель "Жас қыран" Кыдырбекова Н.Қ.