«Сезімдерден мотивация аламыз» арт-терапиялық тренинг 7 «Ә» сынып оқушыларымен » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » «Сезімдерден мотивация аламыз» арт-терапиялық тренинг 7 «Ә» сынып оқушыларымен
08
апрель
2025

«Сезімдерден мотивация аламыз» арт-терапиялық тренинг 7 «Ә» сынып оқушыларымен

8 сәуірде 7 «Ә» сынып оқушыларымен «Сезімдерден мотивация аламыз» тақырыбында арт-терапиялық тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ішкі жан-дүниесін ашуға, эмоцияларын дұрыс жеткізуге және өз-өзіне деген сенімділікті арттыруға көмектесу.

Тренинг барысында оқушылар әртүрлі арт-терапиялық әдістерді пайдалана отырып, өз сезімдерін сурет, түстер және бейнелер арқылы жеткізді. Әр оқушы өз жұмысын таныстырып, ішкі сезімдерімен бөлісті. Бұл жаттығу оқушылардың өзін-өзі тануына, өзара түсіністік пен құрмет қалыптастыруға оң ықпал етті.

Іс-шара өте жылы әрі достық атмосферада өтті. Оқушылар бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Тренинг соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, алдағы уақытта мұндай кездесулердің жиі өткізіліп тұрғанын қалайтындарын білдірді.


Педагог-психолог  Базарова Э.Н.

Сынып жетекші  Мусабекова Л.Е.