«Психикалық денсаулық дегеніміз не және ол не үшін маңызды?» тақырыбындағы дәріс сабақ 5 «Б» сынып оқушыларымен
2025 жылғы сәуір айының 7 күні мектебімізде 5 «Б» сынып оқушыларымен «Психикалық денсаулық дегеніміз не және ол не үшін маңызды?» тақырыбында танымдық дәріс сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға психикалық денсаулықтың маңызын түсіндіру, өз эмоциясын дұрыс басқару, күйзелістен шығу жолдарын меңгерту және бір-біріне қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру.
Дәріс барысында оқушылармен сұхбат жүргізіліп, түрлі өмірлік жағдайлар мысалға алынды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, психикалық саулықтың күнделікті өмірдегі рөлін тереңірек түсінді. Сабақ балалардың қызығушылығын тудырып, олар үшін пайдалы әрі мотивациялық шара болды.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Оқушылар белсенділік танытып, өмірлік маңызды дағдыларды игерді.
Педагог-психолог Базарова Э.Н.
Сынып жетекші Кунслямова Ш.К.
