«Бала әлемі: түсіну, қолдау, қорғау» сессиясы аясында ата-аналар жиналысы өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » «Бала әлемі: түсіну, қолдау, қорғау» сессиясы аясында ата-аналар жиналысы өтті
04
сентябрь
2025

«Бала әлемі: түсіну, қолдау, қорғау» сессиясы аясында ата-аналар жиналысы өтті

2025 жылдың қыркүйек күні мектебімізде «Бала әлемі: түсіну, қолдау, қорғау» сессиясы аясында «Мектепке алғашқы қадам: Баланың мектепке бейімделуіне қалай көмектесеміз?» тақырыбында бірінші сынып ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді. 

Кездесудің негізгі мақсаты – бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу кезеңінің ерекшеліктерін түсіндіру, баланы алғашқы кезеңде қолдаудың тиімді жолдарын үйрету, ата-аналардың толқуын азайту және отбасы мен мектеп арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту болды.

Жиналыс барысында ата-аналар баланың мектептегі алғашқы күндерінде кездесетін психологиялық қиындықтар жайлы мәлімет алып, оларды жеңілдетудің тиімді стратегияларымен танысты. Сонымен қатар, тәжірибе алмасып, өз ой-пікірлерін бөлісу арқылы ата-аналар бір-біріне қолдау көрсетті.

Осындай кездесулер ата-аналарға сенім беріп қана қоймай, балалардың мектеп өміріне қадам басуын қуанышты әрі жеңіл етуге септігін тигізеді. Ал мектеп пен отбасының бірлескен ынтымақтастығы – баланың табысты бейімделуінің басты кепілі.


Педагог-психолог    Базарова Э.Н.

Сынып жетекшілер: Секетаева Т.М., Кожанова Т.А.