10
ноябрь
2025
7 «А» сынып оқушыларымен тренинг
10 қараша күні «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі» апталығы аясында 7 «А» сынып оқушыларымен «Көңіл күй сыйла!» атты тренинг өткізілді.
Тренингтің мақсаты – оқушылардың позитивті көңіл күйін арттыру, өзара сыйластық пен қолдау мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар бір-біріне жылы лебіздер айтып, жағымды эмоциялармен бөлісті. Бұл тренинг оқушылардың достық қарым-қатынасын нығайтып, сыныптағы психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталды.
Педагог-психолог Базарова Э.Н.
Сынып жетекші Искакова Д.С.

