Психологиялық қызмет » Страница 10 » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

«Отбасы мен мектеп-саналы, білімді, тәртіпті ұрпақ» ата-аналар жиналысы
13
декабрь
2024
«Отбасы мен мектеп-саналы, білімді, тәртіпті ұрпақ» ата-аналар
13 желтоқсан күні 6 «Ә» сыныбының ата-аналарымен «Отбасы мен мектеп-саналы, білімді, тәртіпті ұрпақ» тақырыбында баяндама өтті. Мақсаты: ата-аналарға отбасы мен мектептің балаларды тәрбиелеудегі рөлін көрсету.  Жиналыста баланы бағыттау үшін қолдануға болатын әдістер талқыланды. Баланың отбасындағы рөлінің маңыздығы ортаға салынды. Ата-аналарға «Өзіңді таны» диагностикасы өздерін тереңірек түсінуге көмектесті.  Педагог-психолог  Базарова Э.Н. Сынып жетекші   Мұхамадиева А.Ә.
Ата-аналар жиналысы «Оқушылардың бесінші сыныпқа бейімделуі»
12
декабрь
2024
Ата-аналар жиналысы «Оқушылардың бесінші сыныпқа бейімделуі»
Желтоқсанның 12  күні  5 «Б» сынып о қ ушыларының ата- аналарымен  «Оқушылардың бесінші сыныпқа  бейімделуі » туралы  баяндалды, сергіту сәті және  «Өзіңді таны» диагностикасы  өткізілді.  Мақсаты:   диагностикалық әдістемелердің қорытынды нәтежелерімен таныстыру. Балаларға орта мектепте оқуға бейімделуіне бірігіп психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.  Баяндама барысында ата-аналарға диагностикалық әдістемелердің қорытындысы бойынша нәтежелері таныстырылып, кеңес берілді. «Өзіңді таны»
«Күшіміз бірлікте» атты тимбилдинг
06
декабрь
2024
«Күшіміз бірлікте» атты тимбилдинг
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» халықаралық акциясы аясында 8 «Б» сыныбы оқушыларымен «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» мамандарымен бірлесе «Күшіміз бірлікте» атты тимбилдинг өтті. Мақсаты: Жағымды атмосфера құру. Оқушылар арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру. Өзара сенім және біртұтас команда моделін қалыптастыру. Оқушылар бар ынтасымен қатысты, жақсы әсер алды. Педагог -психолог Базарова Э. Н. #16днейбезнасилие #РМЦПП
«Мен өмірді таңдаймын» тренингі
03
декабрь
2024
«Мен өмірді таңдаймын» тренингі
3 желтоқсан күні 8 «Ә» сыныбы оқушыларымен «Мен өмірді таңдаймын» тренингі өтті. Мақсаты: өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу, байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Тренинг барысында қатысушылар тиімді психологиялық жаттығулар мен ойындарға қатысып, өзара түсінушілік атмосферасын тудыра білді. Педагог-психолог Базарова Э.Н. #16днейбезнасилие #РМЦПП #зорлық-зомбылықсыз16күн #ӨПҚӘО