Балдырған» жазғы лагері оқушыларының қызықты мәдени күні » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Балдырған» жазғы лагері оқушыларының қызықты мәдени күні
09
июнь
2025

Балдырған» жазғы лагері оқушыларының қызықты мәдени күні

2025 жылғы 9 маусым күні «Балдырған» мектеп жанындағы жазғы лагерьдің тәрбиеленушілері үшін ерекше күн болды. Балалар Шығыс ертегісінің сиқырына толы Абай атындағы облыстық қазақ драма театрында сахналанған «Алладин» қойылымын тамашалады.

Қойылым барысында балалар сиқырлы шам мен адал достықтың құдіретін, батылдық пен арманның шексіздігін сезінді. Театр актерлерінің жарқын образы мен сахналық шеберлігі жас көрермендердің ерекше әсер алуына себеп болды.

Мәдени іс-шарадан кейін лагерь оқушылары таза ауада серуендеп, қозғалмалы ойындар ойнады. Балалар спорттық эстафеталарға қатысып, командалық ойындар арқылы достық пен ұйымшылдықты нығайтты.

Осындай мазмұнды күн балалардың рухани дамуына, белсенді демалысына және шығармашылық ой-өрісінің кеңеюіне ықпал етті. «Балдырған» лагерінде әр күн – қуаныш пен жаңа әсерлерге толы!