12
октябрь
2023
Мектебімізде екінші Инклюзияны қолдау кабинеті (ИКҚ) ашылды және қалалық оқыту семинары өтті
Мектеп директоры Жумаканова Райгуль Ешенгазиновнаның бастамасымен екінші Инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Инклюзияны оқыту кабинетінің ашылуына орай инклюзивті білім беру бойынша қазан айында "Инклюзивті білім берудің нормативті-құқық негізі" тақырыбында семинар өтті. Семинарға қала мектептері директорларының орынбасарлары мен психологтері қатысты. Семинар қатысушылары мектебімізде ашылып жатқан инклюзияны қолдау кабинетінің жаңа кабинетімен, жұмыс жоспарымен, іс қағаздарымен танысты. Сонымен қатар, семинарда инклюзивті білім беру туралы берілген ұсыныстар мен мәліметтер өте құнды болды.
Қазыргы уақытта 2023-2024 оқу жылында инклюзивті білім беруді аясында мектепте 66 оқушы оқиды. ҚР Білім министрлігі мектептерде оқыту барысында ерекше балаларды ертіп жүретін педагог-ассистенттер лауазымын енгізді. Қазір елімізде 1500-ден астам педагог-ассистент білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға, сондай-ақ үйде оқитындарға көмектеседі. Біздің мектебімізде де 21 оқушы педагогикалық ассистенттердің сүйемелдеуімен оқытылуда. Биылғы жылы мектебімізде ерекше қабілеттері бар оқушыларды қолдау мақсатында инклюзияны қолдау кабинетіне осы оқушылармен толыққанды жұмыс жасау үшін ИҚК мұғалімі, психолог, логопед, дефектолог және әлеуметтік педогогқа штаттық бірліктер берілді.