19
август
2024
Мектебімізде 1 - сынып оқушыларын оқуға деген ынтасын дамыту мақсатында «БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІ» өз жұмысын бастады.
2024-2025 оқу жылында Семей қаласы білім бөлімінің «№17 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІ» өз жұмысын бастады
«БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІ» КУРСТАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, ҚҰРУ ҚАҒИДАЛАРЫ



«БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІ» КУРСТАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, ҚҰРУ ҚАҒИДАЛАРЫ
Даярлық курстарының мақсаты бастауыш мектепте оқуға балалардың зияткерлік, мотивациялық, эмоционалдық - еріктік дайындығына ықпал ететін және бірінші сынып оқушысының табысты бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ортасын құру. Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері: - балалардың оқу қызметінің ұйымдастырылған мінез-құлқының дағдыларын қалыптастыру (танымдық белсенділік, шығармашылық); - мектепке қолайлы бейімделуге қажетті болашақ бірінші сынып оқушысының жеке қасиеттерін қалыптастыру (жауапкершілік, зейінділік, дербестік, ынталық); - ұжымдық қызметтегі бірлескен іс-әрекет дағдыларына тәрбиелеу (құрдастарына көмек көрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.); - балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымнан мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз ету; - баланың мектепке эмоционалды-оң көзқарасын, оқуға деген ынтасын дамыту.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
1. Сөйлеуді және қол мен саусақтардың ұсақ бұлшық еттерін дамыту.
2. Математикалық әрекет негіздерін дамыту.
3. Танымдық процестерді (ойлау, зейін, есте сақтау) және шығармашылық қабілеттерді дамыту.



