«Алматы кітап» баспасының президенті Саймасаева Гаухар Айтжанқызы Семей қаласына арнайы іс сапармен келді
2025 жылдың 12 қыркүйегінде Абай облысының әкімі Берік Уәлидің үндеуімен «Алматыкітап» баспасының президенті Саймасаева Гаухар Айтжанқызы Семей қаласына арнайы іссапармен келді.
Сапар аясында, ғасырлық тарихы бар білім ордаларының бірі — №17 жалпы орта білім беретін мектепке ат басын бұрып, оқу орнының бай тарихымен танысты.
Қонақ мектеп мұражайын аралап, архивтегі құнды фотосуреттерді қызығушылықпен тамашалап, бірқатарын жеке түсіріп алды. Сондай-ақ, сұрапыл соғыс жылдарындағы мектеп өмірі туралы мағлұмат алды.
Сапар барысында оқушылармен сұхбаттасып, мектеп кітапханасын, электронды ресурстар мен заманауи әдебиеттер қорын көріп шықты.
Мектептің қазіргі даму жағдайына назар аударып, мектеп директоры Жұмақанова Райгүл Ешенғазықызымен бірге алдағы мақсаттар мен даму жоспары жайлы пікір алмасты.


