Вакансия на должность вожатого (на период декретного отпуска) » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Вакансия на должность вожатого (на период декретного отпуска)
19
август
2025

Вакансия на должность вожатого (на период декретного отпуска)

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№17  жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тәлімгер уақытша бос орнына конкурс жариялайды.


Конкурс жарияланған ұйымның атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№ 17 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Конкурсты өткізу орны, пошталық мекенжайы: индекс 071402, Абай облысы, Семей қаласы, Қашаған көшесі, 26

Байланыс телефоны: 8 (7222)32-07-17

 Электрондық мекен-жайы: semsk_sosh_17@mail.ru

Конкурс жарияланған лауазым атауы: тәлімгер (декреттік демалыс уақытына)

Еңбекақы мөлшері мен шарттары: 5 күндік жұмыс аптасы, 1 бірлік жүктемесі бойынша, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап – тарифке сәйкес. Лауазымдық жалақысы: орта арнаулы педагогикалық білім – 125 000 теңге, жоғары педагогикалық білім – 135 000 теңге.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: 

      -жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;

      -және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;

      -және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

жоғары педагогикалық білімі және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

Лауазымдық міндеттері:  

     -балалар қоғамдық ұйымдарының, "Жас қыран", "Жас ұлан" бірлестіктерінің, дебаттың, мектеп парламентінің қызметін дамытуға ықпал етеді;

    -білім алушыларға олардың бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді;

    -балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жұмысты жүзеге асырады;

    -ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады;

    -балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп тұрған ұйымдар, бірлестіктер туралы кеңінен ақпараттандыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;

    -білім алушыларға азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды;

    -білім беру ұйымдарында мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын, балалардың танымдық бос уақытын ұйымдастыруға көмек көрсетеді;

      -балалар мен жастар ұйымдарын, пікірталастарды, оқушылардың өзін-өзі басқаруын, мектеп немесе студенттік парламенттерді, еріктілер қозғалысын ұйымдастырады;

      -білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды;

      -каникул кезінде олардың демалысын ұйымдастырады;

      -білім алушылармен инновациялық жұмыс тәжірибесін зерделейді және пайдаланады;

      -"Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;

      -балалар ұйымдарының, бірлестіктерінің бастапқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыларын) іріктеу және даярлау бойынша жұмысты жүргізеді;

      -өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен тығыз байланыста жұмыс істейді;

      -білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білуге тиіс:

     -Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

     -педагогика және психология, физиология, гигиена, балалар қозғалысының даму заңдылықтары мен үрдістері;

     -педагогикалық этиканың нормалары;

     -тынығу қызметін, демалысты, ойын-сауықты ұйымдастыру әдістемесі;

     -еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі: конкурсқа қатысуға қажетті өтінім мен құжаттарды қабылдау Абай облысы білім басқармасы «Семей қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№17 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайтында, әлеуметтік желіде және «Enbek.kz , ҰББДҚ (НОБД) https://hr-nobd.edu.kz сайттарына, электоронды және қағаз (ҰББДҚ техникалық жағдайға байланысты уақытша жұмыс істемеуіне байланысты) форматта конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде, 2025 жылдың 20-26 тамыз аралығында жүзеге асырылады.


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

 1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

 4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

 7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

 8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

 10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

 11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

  12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.                                                                



Ақпараттың дәлдігі үшін:

Мекенжай: Абай облысы  Семей қаласы, Қашаған көшесі 26

Байланыс телефоны: 8 (7222) 32-07-17