2024-2025 оқу жылы мектебімізде қосымша ақылы білім беру қызметі жұмысына талдау
2024-2025 оқу жылы мектебімізде
қосымша ақылы білім беру қызметі жұмысына талдау
Қосымша ақылы білім беру қызметінің мақсаттары: мектепте оқыту барысында, барлық балалар әлеуметтік белсенді болу, оқушы өзінің дағдысын меңгеріп үйрену, көшбасшылық қасиеттері мен өзін-өзі білім көрсету қабілетін дамыту және ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының түрлі орындауға және ынталандыруға түрткі болу жыл аяғында барлық қатысқан оқушыларда көрінді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының – 37-бап және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы — 2007 жылғы № 319-III заңында 63‑бап «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер) көрсетуі» туралы ережеде айтылғандай:
1) қосымша бiлiм беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсетулер;
2) пәндердiң арнаулы курстары мен циклдарын қосымша оқыту жөнiндегi қызмет көрсетулер;
3) репетиторлық (жекелеген оқушылармен жеке түрде оқу жоспары бойынша сағаттардың санынан тыс пәндер бойынша қосымша сабақтар өткiзу) жөнiндегi қызмет көрсетулер;
4) оқушыларға пәндердi қосымша тереңдетіп оқыту (мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандарттарының тиiстi бiлiм беру бағдарламаларының шеңберiнен тыс) жөнiндегi қызмет көрсетулер;
5) балалардың денсаулығын қорғауға және нығайтуға бағытталған қосымша дене тәрбиесi-сауықтыру бағдарламалары бойынша қызмет көрсетулер;ж т б қосымша ақылы білім бере алады.
Осы бөлімдерді негізге ала отырып жалпы, оқушылардың білім сапасын көтеру, дарынды оқушыларға қолдау көрсету, білімдерін тереңдету мақсатында және ата аналар мен оқушылардың сұрауы мен өтініштері бойынша 2024 – 2025 оқу жылдарында төмендегідей атаумен қосымша ақылы білім беру курстары 1а,1ә,1б,1в,2ә,2б,2в,3а,3б,3в,4а,4ә,4б,4в,7а,7б,8а,8ә,9а,11а сыныптарында өтті.
«Қызықты математика», «Грамотей», «Основы грамматики», «Қызықты қазақ тілі әлемінде», «Cheerful English», «Физикалық есептерді шешу жолдары»
«Елтану», «Занимательная математика», «Сандар сыры», «Тіл дамыту», «Ғажайып математика», «Қазақша сөйлесейік», «Химия әлемінде», «Занимательная математика в 7-классах», «Оқу сауаттылығы», «Көркем жазу», «English Plus» атты курстары тиісті деңгейде өтіп, физика, ағылшын тілі, тарих, орыс тілімен орыс кластарында қазақ тілі пәндеріне үлкен себін тигізді. Жылдың аяғындағы білім сапасы 2023-2024 оқу жылында 60,5% болса, 2024-2025 оқу жылында 64%-ға, динамика +3,5 көтерілді. Оқу жылында 2023-2024 оқу жылында 471 оқу озаттарымен дарынды оқушылар болса, 2024-2025 оқу жылында 514 оқу озатымен дарынды оқушыларға жетті. Әр пәндер бойынша жобаға қатысушылар саны да көбейді.
Белсенді курстар 1-4 сыныптарда өткен «Қызықты математика», «Грамотей», «Основы грамматики», «Путешествие мир грамматики», «Сандар сыры», «Қызықты қазақ тілі әлемінде», «Ғажайып математика», «Физикалық есептерді шешу жолдары», «Елтану» курстары.
Жалпы, ақылы өткен барлық курстар аптасына 1-ақ рет өтсе де, жетістіктерімізде арта түсті.





