2025-2026 оқу жылы мектебімізде қосымша ақылы білім беру қызметі өз жұмысын бастады.
2025-2026 оқу жылы мектебімізде
қосымша ақылы білім беру қызметі өз жұмысын бастады.
Қосымша ақылы білім беру қызметінің мақсаты:
- оқушының әр түрлі қабілеттерінің жаңа қоғамда дамуы болып табылады;
- мектепте оқыту барысында, барлық балалар әлеуметтік белсенді болады;
- оқушы өзінің дағдысын меңгеріп үйренеді;
- көшбасшылық қасиеттері мен өзін-өзі білім көрсету қабілетін дамытады;
- ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының түрлі орындауға және ынталандыруға түрткі болады;
Қосымша ақылы білім беру қызметінің міндеттері:
ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
Қазіргі уақытта балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жетекші бағыт үздік білім алу болып табылады және білім беру саласында өзіндік қажеттіліктері бар.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңының» 63 бабының
3 бөліміндегі өзгерістермен қосымшалары негізінде және Мемлекеттік білім мекемелерінің ақылы білім беру қызметін көрсетуінің тәртібінің 2 пунктінде төмендегідей айтылғандай:
2. Ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетулерге:
1) қосымша бiлiм беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсетулер;
2) пәндердiң арнаулы курстары мен циклдарын қосымша оқыту жөнiндегi қызмет көрсетулер;
3) репетиторлық (жекелеген оқушылармен жеке түрде оқу жоспары бойынша сағаттардың санынан тыс пәндер бойынша қосымша сабақтар өткiзу) жөнiндегi қызмет көрсетулер;
4) оқушыларға пәндердi қосымша тереңдетіп оқыту (мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандарттарының тиiстi бiлiм беру бағдарламаларының шеңберiнен тыс) жөнiндегi қызмет көрсетулер;
5) балалардың денсаулығын қорғауға және нығайтуға бағытталған қосымша дене тәрбиесi-сауықтыру бағдарламалары бойынша қызмет көрсетулер;ж т б қосымша ақылы білім бере алады.
Осы бөлімдерді негізге ала отырып жалпы, оқушылардың білім сапасын көтеру, дарынды оқушыларға қолдау көрсету, білімдерін тереңдету мақсатында және ата аналар мен оқушылардың сұрауы мен өтініштері бойынша 2024 – 2025 оқу жылдарында төмендегідей атаумен қосымша ақылы білім беру курстары 1а,1ә,1б,2а,2ә,2б,3ә,3в,4б,5а,7а,7ә,8а,8ә,9в,10а,11а,11ә сыныптарында ашылып отыр:
«Қызықты математика»
«Основы грамматики»
«Страна математических знаний»
«Тіл мәдениеті»
«Занимательная логика и математика»
«Funny english»
«Қызықты математика»
«Физикалық есептерді шығару жолдары»
«Елтану»
«Математикалық күрделі есептерді шешу жолдары»
«Химия-таңғажайыптар әлемі»
«Подготовка к ИА»
«Теңдеулермен теңсіздіктер»
Қосымша материалдар: бағдарламалар, жұмыс оқу жоспарлары және пән мұғалімдеріне арналған тарификациялық тізім.
Жалпы, осы аталған курстар аптасына 1 рет өтілуге жоспарланды. Әр курс бағдарламалары бірлестік жетекшілерінің әдістемелік кеңесінде талқыланып, бекітілді.
Ата-аналар мүшелерімен мектеп мұғалімдерінің қатысуымен жиналыс өтіп, хаттамасы беріліп отыр.

