29
сентябрь
2025
Семей Медициналық университеті 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағыт бағдар жүргізу мақсатында кездесу өткізді.
29.09.2025 күні №17 мектепте Семей қаласындағы СМУ университетінің өкілдері 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – бітіруші түлектерге университет туралы жан-жақты мәлімет беру, оқу бағдарламалары мен мамандықтар жайлы таныстыру, болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар көрсету болды.
Университет мамандары оқушыларға білім беру жүйесіндегі жаңа мүмкіндіктерді, гранттар мен оқу барысында қолжетімді әлеуметтік қолдау түрлерін таныстырды. Сонымен қатар, түлектерге қызықтырған сұрақтарына жауап беріліп, кәсіби бағдар беру бойынша пайдалы кеңестер ұсынылды.

