13
ноябрь
2025
Казаэронавигация. 10-11 сынып
Бүгін №17 мектепте 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Кездесуге еліміздегі әуе қозғалысын басқару саласындағы жетекші ұйымдардың бірі — «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері келді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға авиация саласының маңыздылығын түсіндіру, әуе навигациясы мамандығының қыр-сырын таныстыру және болашақ кәсіби бағыт таңдауға көмек беру болды.
Кездесу барысында мамандар аэронавигация, диспетчерлік қызмет, инженерлік-техникалық бағыттар туралы толық мағлұмат беріп, оқу бағыттары мен кәсіби талаптар жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

