Инклюзивті білім беру апталығының ашылуы: "Әлем - бәрімізге ортақ" » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

01
апрель
2025

Инклюзивті білім беру апталығының ашылуы: "Әлем - бәрімізге ортақ"

Инклюзия қолдау кабинетінің апталығы салтанатты түрде басталды. Іс-шараның ашылу салтанаты мектеп фойесінде өтті. Апталықтың мақсаты — инклюзивті білім беру мен қолдаудың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ барлық оқушылар мен педагогтардың тең құқықты ортада білім алуына бағытталған іс-шаралар өткізу.Салтанатты шараға мектеп директоры, мұғалімдер, оқушылар қатысты. 
Апталық бойы арнайы оқу сағаттары, пікірталастар мен түрлі шығармашылық жұмыстар өткізіліп, инклюзивті қоғамды қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылады.
Барлық мектеп қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылған бұл апталық инклюзивті білім берудің келешектегі дамуына үлкен ықпал ететіні сөзсіз. Біздің мақсатымыз – әрбір оқушыға өз әлеуетін ашуға, дамуға және білім алуға тең мүмкіндік беру.