17 жалпы орта білім беретін мектепте Face ID жүйесі енгізілді
Оқушылардың мектеп асханасында тамақтануын тиімді ұйымдастыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және есеп жүргізудің ашықтығын арттыру мақсатында «17 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де жаңа цифрлық жоба іске қосылды.
Асханада Face ID жүйесі «ITB Hub» АПК платформасы арқылы жүзеге асырылуда. Бұл жүйе оқушылардың тамақтану кезінде автоматты түрде тіркелуін қамтамасыз етіп, тегін және ақылы тамақтану есебін толық әрі әділ жүргізуге мүмкіндік береді.
Face ID жүйесін пайдалану тәртібі:
Әрбір оқушы асханадан тамақтану алдында Face ID құрылғысы арқылы тіркеледі.
Жүйе автоматты түрде оқушының деректерін табельге енгізеді.
Тегін тамақтануға арналған есеп пен ақылы тамақтанудың есебі толық қамтылады.
Жүйеден өтпеген оқушының дерегі тіркелмейді.
Бұл жаңашылдықтың негізгі артықшылықтары:

